ҚМДБ “Жастар ісі” секторының Қызылорда облысы бойынша меңгерушісі Айтжан Мұсаұлы Жаңақорған ауданында іс-сапарда болып, «Жаңақорған аудандық орталық» мешітінде жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты.
«Мұсылманның сипаты» тақырыбында уағыз айтқан Айтжан Мұсаұлы: «Алла Тағала қасиетті Құранның толықтай бір сүресін «Муминун», яғни «мүминдер» деп атаған. Осы сүренің өзі мүмин кісінің ардақты, құрметті екендігіне дәлел. Алайда мүмин кісі соған лайықты дәрежеде көңіл бөліп, соған сай амал жасауы керек.
Мүмин адам өтірік айтпайды, қателікке бой алдырса қасарыспайды. Аллаға тәуекел етіп, сыпайылық танытады. Мұндай сипаттағы мүмин құлдар үшін Алла Тағаланың әзірлеп қойған сыйлықтары бар» деді.
Құптан намазынан соң Айтжан Мұсаұлы мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.


