ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/08/2021 680

МӘУЛІТ АЙЫНДА МҰҚТАЖДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық мешіті Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шараға облыстық Жастар ісі секторының жетекшісі, қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің имамы А.Жексенов, Қармақшы ауданының бас имамы Ж.Әбенов қатысты.

Мәуліт айының құрметіне орай мұқтаж жандарға жылу сыйлап, қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасыға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік таратылды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі