ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/28/2022 32

МӘУЛІТ КЕШІНДЕ ЖАС ҚАРИҒА ҰМРАҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің ұйымдастыруымен рухани мәуліт кеші өтті.
Әуелгі сөз Алланың кәламымен басталған рухани кеште облыстың Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы жиналған жамағатты мүбәрак мәуліт айымен арнайы құттықтап,  небәрі 10 айдың ішінде Құранды толық жаттап алған аталмыш мешіттің шәкірті, жас қари Абылайханға ұмра қажылығына жолдаманы тарту етті.
Мұнан соң Алла Елшісіне (с.ғ.с.) сағынышты арттыратын мәуліт шәриф қазақша нұсқада оқылып, қалың жұртпен бірге пайғамбарға салауаттар айтылды.
Сондай-ақ, қалалық “Нұр” мешітінің Бас имамы Марат Дайрабайұлы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен сыр шертетін әсерлі уағызбен жалғады.
Жиналған жамағатқа сирадан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.
Кеш соңында барлық жамағатқа “мәуліт сыйлығы” таратылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі