ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/31/2020 83

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Құрбан айттың басты құндылығы – адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытуы және жақсылық жасауы. Сондықтан да осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет.

Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін! Елімізде әрдайым тыныштық болсын! Айт құтты болсын!» делінген құттықтау хатта.