ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/05/2024 2718

МАХСАТ АЛПЫСБЕС: ШЕЖІРЕЛІК ДӘСТҮР – ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ КЕПІЛІ

МАХСАТ АЛПЫСБЕС: ШЕЖІРЕЛІК ДӘСТҮР – ТЕКТІЛІКТІ САҚТАУ КЕПІЛІҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тектілік – асыл қасиетіміз» тақырыбында өткен республикалық конференцияда тарих ғылымдарының докторы Махсат Алпысбес «Дәстүрлі тәрбие көзі – қазақтың қариялық шежіресі» тақырыбында баяндама жасады.

«Тектілік, қан тазалығын сақтау әдеті қазақта шежірелік дәстүрмен жүрген. Кез келген ұлт нақты эндогамиялық үрдіс барысында құралады, жасалады және сақталады. Бұны этнография ілімі ғылыми негізде сипаттап дәлелдеген. Нақты эндогамия дегеніміз – ұлттың некелесуде және отбасын құруда қан тазалығын сақтау, аралас некеге түспеу. Қазақ даналығы «жиен – ел де емес, жау да емес» дегенімен, жиеннің өзі қан жағынан таза жиен болғаны дұрыс, яғни басқа ұлтпен аралас некеден тумаған жиен болғаны абзал. Әсіресе қазіргі уақытта, әкесі де, шешесі де қазақ бола тұра, баласы өз ұлтының тілін білмей, мәдениетіне, тарихына жат көңілмен өсіп жатқан уақытта, бұл аса қатерлі құбылыс екені анық. Оның ішінде, әсіресе, ұлты былай тұрсын, діні, ділі өзге жұрттармен шатақ неке құру қазақ әдетіне жат дүние» деді ол.