ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/02/2025 73

Құмар ойындардың зардабы

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  “Болашақ” университетінің жоғары колледжінде маңызды кездесу өтті!
І–ІІ–ІІІ курс білім алушылары арасында “Құмар ойындарының зардабы және қаржылық сауаттылық”, сондай-ақ “Компьютерлік ойындардың зияндылығы” тақырыптарында тәрбиелік бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсат — жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, құмар ойындары мен интернет тәуелділігінің алдын алу, салауатты әрі саналы өмір салтына ынталандыру.
Шараға арнайы ”Мақтұм Сейіт” мешітінің имамы Тағыбергенұлы Ербол, Облыстық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік мәселелер және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы қатысты
Қонақтар жастарға өмірлік тәжірибелері арқылы мотивациялық ойлар айтып, құмар ойындардың психологиялық және әлеуметтік зардаптары жайлы ашық пікір алмасты.
Бейнеролик көрсетіліп, студенттер белсенді түрде талқылауға қатысып, өз көзқарастарын ортаға салды.
Қорытындысында жастар уақытты тиімді пайдалану, рухани даму және саналы таңдау жасау жөнінде ой түйіп, пайдалы кеңестер алды.