ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/05/2019 294

ҚМДБ бөлім меңгерушісі Жұма уағызын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Қайырымдылық және уахып істері» бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев Сыр өңірінің Бас мешітінде жұма уағызын айтты.

Қызылордаға арнайы сапармен келген Камалжан Бекбосынұлы алдымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне табан тіреп, өкілдіктің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан кейін облыстық мешітке жиылған жамағатқа «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында жұма уағызын айтып, Алла Тағалының адам баласына берген үлкен нығметтерінің бірі жайында сөз қозғады.

Сыр халқымен бірге оқылған жұма намазынан соң ата-баба рухына құран бағышталып, ел бірлігі мен амандығы үшін дұға жасалды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі