ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/15/2021 59

ҚМДБ: QURBAN2021.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2021.kz сайты іске қосылғанын хабарлады.

Бас мүфти qurban2021.kz жобасының мақсаты қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну екенін атап өтті.

«ҚМДБ-ның qurban2021.kz сайты бүгін сағат 15:00-де іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады. Сондай-ақ 17 шілдеден бастап осы сайт арқылы мұқтаж отбасылардың құрбандық етін алу үшін өтініш беруіне болады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері және еріктілер айналысады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Брифингте Бас мүфти ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның құрбан шалуына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу болмайтынын жеткізді.