ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/22/2021 220

МЕРЕКЕДЕ НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір кісі: «Исламдағы амалдардың ең абзалы қайсы?» – деп сұрағанда: «Туыстарға, қарны аш міскіндерге тамақ беру және танысаң да, танымасаң да кісілерге сәлем беру», – деп айтқан екен. Ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналған Наурыз мейрамы жақсы істердің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл күндері адамдар қыстан аман шыққанына шүкіршілік жасап, қазан көтеріп, ас таратады.
Ағайын-туыстар бір-бірін құшағына алып, төс қағыстырып, өзара сәлем беріп «Ақ мол болсын!», “Ырысымыз арта берсін!», «Жаратушымыз жарылқасын!» – деп бір-біріне ізгі тілектерін жаудырады.
Бұл үрдістен әлі де ұзағанымыз жоқ. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторы және «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен мешіттің жанашыр жамағаттары Алмабек Касымбаев ағамыз, Икрам көкеміздің бастамасымен қос қазан наурыз көже дайындалып, ескі базардағы саудагерлерге, өткен-кеткен кісілерге таратылды.
Ақжаулықты апаларға орамал жаулық үлестірілді. Сондай-ақ еліміздің амандығына, халқымыздың тыныштығына дұға жасалып, дүниеден өткен марқұмдар рухына арнайы Құран сауабы бағышталды.
Ұлттық мерекеде сауапты істің жасалуына атсалысқан кісілерге Алла разы болсын!