ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/16/2022 121

МЕШІТ ИМАМДАРЫ МЕН ЕРІКТІ ЖАМАҒАТҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қызылорда қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық көмек көрсетіп, игі істерді жүзеге асыруға атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова және қайырымдылық қорлардың жетекшілері, шаруа қожалықтарының директорлары мен белсенді еріктілер қатысты.
Жақсылық жаршыларына ізгі тілегін жеткізген Мира Жомартқызы бірқатар мешіт имамдарын Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының және ерікті жамағатты облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттады.
Өз кезегінде Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да қатысушыларға Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық лебізін жеткізіп, #qurban2022 жобасының жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан жергілікті билік өкілдеріне ҚМДБ төрағасы, мүфти Хазіреттің “Алғысын” табыстады.
Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша мешіт имамдары мен ерікті жамағатының көмегімен 1555 қой, 109 ешкі, 139 ірі қара, 2 түйе құрбандыққа шалынып 7262 отбасыға және 18 мекемеге құрбан еті үлестірілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі