ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/30/2022 15

МЕШІТ ШӘКІРТІ 10 АЙДА ҚАРИ АТАНДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің шәкірті Құран Кәрімді толық жаттап алды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында мешіт жанындағы діни сауат ашу курсына келген Абылайхан небәрі 10 айдың ішінде қасиетті кітапты жаттап, қари атанды.
Осы орайда, “Мүсірәлі ата” мешітінің ұйымдастыруымен өткен мәуліт кешінде Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен аталмыш мешіттің бас имамы Айтжан Мұсаұлы және демеуші кәсіпкер Сағадат Қайратұлы жас қариды құттықтап, ұмра қажылығына жолдаманы тарту етті.
28жасында қари болған Абылайхан отбасылы, бір қызы бар. Ол – жанұясын асырау үшін дүниелік қызметін де, ақыреттік азық жинау үшін Құран жаттауды да қатар алып жүрген мешіттің қарапайым жамағаты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі