ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/27/2019 323

Мешіт шәкірттері емтихан тапсырды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде мешіт шәкірттеріне арналған сынақ емтиханы өтті.

Облыстың бас мешітінде өткен емтиханға сектор жетекшісі Л.Сыдықова бастаған ұстаздар мен мешіт шәкірттері қатысты. Емтихан мақсаты 9 ай бойы мешіттердегі діни сауат ашу курстарында білім алған шәкірттердің білім деңгейін тексеру, білгендерін қайта пысықтау. Жалпы саны 70 шәкірт қатысқан сынақ екі кезең бойын өткізілді. Алғашқы кезеңі ақида, фиқһ, тәжуид, сира, ахлақ пәндері бойынша тестілеу форматында өткізілсе, екіншісі Құран сүрелерін оқу бойынша ауызша форматта болды.

Сынақ қорытындысы бойынша, 12 шәкірт үздік тапсырып, қалған 58 шәкірт жақсы бағаға ие болды. Сектор ұстаздары шәкірттерге сертификат табыстап, сәттілік тіледі.