ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/30/2024 13

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры және Жастар ісі секторының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мұрындық болуымен дін қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.
“Қайырымдылық жаршылары” шарасына Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қала, аудан және ауыл мешіттерінің қызметкерлерінен жасақталған он құраманың ішінен оқ бойы оза шапқан “Қызылорда қалалық мешіттері”, “Қазалы”, “Жаңақорған” құрамалары жүлделі І, ІІ, ІІІ-орындарды иемденіп, қаржылай сыйлықтарды (100 000 тг, 70 000 тг, 50 000 тг) қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар “Шиелі” құрамасының ойыншысы Халиулла Дарын “Үздік қақпашы” атанса, “Арал” құрамасының ойыншысы Кубеев Абдулла “Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі