ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/28/2021 263

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АҚЫЛДЫЛАР АЛАҢЫНДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторы «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаты арасында «Ақылдылар алаңы» атты интеллектуалдық білім сайысы өтті.
Білім алуды насихаттау, білімдерін шындауға ынталандыру, бірлікке шақыру мақсатында өткен жарыс 3 кезеңге созылып, мешіт шәкірттерінен құралған 12 топ ақида, фиқһ негіздері, сира, қосымша бейнесұрақтар бойынша білімдерін ортаға салды.
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдары И.Қаюпов пен М.Өмірбеков, қалалық «Айтбай» мешітінің имамы Д.Құрманбаев төрелік еткен білім сайысында «Айтбай», «Ақмешіт-Сырдария», «Нұр» топтары І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға лайық деп танылды. Жеңімпаз топтарға 30000, 20000, 10000 тг, қалған қатысушы топтарға 5000 тг көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі