ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/29/2024 28

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫС ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында үстел теннисінен спорттық сайыс болып өтті. Турнирді ауданның Бас имамы Нәби Нұрдәулет алғы сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа аудан мешіттерінен 18 қатысушы қатысып, өзара бақ сынасты.

І орын Жақсылық Бақытбек(15.000тг)
ІІ орын Құрманов Ерлан (10.000тг)
ІІІ орын Асаналиев Мереке (5.000)
ІІІ орын. Нияз Нұрәли (5.000тг)

Мақсаты:

Жамағаттардың ауызбіршілігін нығайту
Спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Аудан мешіттерінің жамағаттарын спортқа баулу.
Теннис ойыны үлкен шыдамдылықты талап ететін, қарқынды атлетикалық ойын. Сондай-ақ бұл белсенді демалыстың керемет құралы.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі