ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/27/2025 1151

МИҒРАЖ ТҮНГІ СҰҚБАТ

Миғраж – ислам тарихында шоқтығы биік, ұлы мұғжиза орын алған қасиетті түн. Осынау ережеп айына тән кештің қадір-қасиетін насихаттап, рухани әсерін сезіндіру мақсатында “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен қалалық “Мырқы қажы”мешітінде игі шара өтті.
“Бірлігі бекем жамағат” атты рухани бас қосуға өңірдің Бас имамы Дастан қажы Жанасұлы арнайы қатысты. Жиналған жамғатқа алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында биылғы 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялағанын жеткізді.
Сондай-ақ, жамағатқа миғраж түнінің қасиеттері жайлы кеңінен мағлұмат беріп, Әз пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басынан өткерген ғажайып түні, исра сапары және Алланың сый етіп берген бес уақыт намаздың қадір-қасиеті жайында сөз қозғады.
Берекелі жиын соңы хатым құран дұғасымен аяқталды.