ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/21/2024 11

МІНЕЗІ МІНСІЗ МҰХАММЕД ﷺ

ҚМДБ-ға қарасты Қызылорда қалалық орталық “Нұр” мешітінде “МІНЕЗІ МІНСІЗ МҰХАММЕД” атты қала мешіттері жамағатының қатысуымен рухани мәуліт кеші өтті.
Жастар ісі секторының мұрындық болуымен өткен рухани бас қосу Пайғамбарымыз ﷺ мәуліт оқылуымен басталды. Қызылорда облысының Бас имамы Дастан Жанасұлы қонақта болып, уағыз-насихат жүргізді.
Мәуліт кеші барысында Пайғамбарымыздың ﷺ артықшылығы жайында, адам өмірінде қандай орын алу керек? Аллаһ елшісін жақсы көру жайында уағыз-насихат айтылды. Жамағаттың арасында заманауи қосымшалар арқылы ойындар өткізіліп, жүлделі орындарға ақшалай сыйлықтар табысталды.