Қазалыда «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, ерекше бала тәрбиелеп отырған төрт анаға қаржылай көмек сертификатарын табыстады.
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры сырқатқа шалдыққан азаматтарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» жобасын бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жиналған қаражатты науқастардың еміне, отасына жұмсау.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі