ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/26/2024 25

НАИБ МҮФТИ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бірқатар қайырымдылық шараларына қатысты.
Нақтырақ айтар болсақ, “Ел үлесі пәтерге” республикалық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Айшагүл ханымға республика бойынша №765 баспана кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.
Сонымен қатар “Өмірге үміт сыйла, “Тайқазан” акциялары аясында 4 науқас жанға жалпы алғанда 1 000 000 тг құрайтын қаржылай көмектің сертификаттарын, 100 тұрмысы төмен отбасыға азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Айта кетейік, бұдан бөлек ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері “Ел үлесі пәтерге” жобасы аясында 2 көпбалалы отбасы баспаналы болса, өзге де акциялар аясында 470 шара ұйымдастырылып, 57 623 отбасыға қаржылай, азық-түлікпен, басқа да қажеттіліктерімен көмек көрсетілген болатын. Және де сырбойылық жамағат пен мешіттердің атсалысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 5 280 000 тг қаржылай көмек, 11 қайық, 6 фура, 12 газель азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық жабдықтар жіберілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі