ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/20/2019 375

НАИБ МҮФТИ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА

Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығының» тыныс-тіршілігімен танысты.

Кітапхана, «IT Park», «Coworking» орталығы, «Антикафе», конференц және жаттығу залдарымен жасақталған жаңа ғимарат Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеріп, жастар жылында сыйға берілген.

Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы орталық басшысы Қуаныш Қуантқанұлына өңір жастарын білім-ғылым ізденуге баулу саласында жасап жатқан жұмыстарына алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі