ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2019 301

НАИБ МҮФТИ СЫР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров мешіт жамағаттарымен кездесті.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне атбасын бұрған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы құптан намазынан кейін жаңа қызметімен құттықтап, мешіт жамағаттарына таныстырды.

Бұдан кейін мешіт жанындағы асханада өткен басқосуда Ершат қажы Ағыбайұлы ынтымағы жарасқан жамағатқа Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Әз Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сыр шертіп, ислам тарихына шолу жасады.

Мәуліт кешіне арналып ұйымдастырылған берекелі кеш барысында күмбірлеген қара домбырадан күй төгіліп, терме айтылды.

Сонымен қатар, мешіт жамағаттары «гір көтеру», «қол күрес», «арқан тартыс» сынды спорттық сайыстарында күш сынасып, жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды иеленген мешіттердердің жамағаттары қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі