Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар қызылордалық жамағатпен кездесті.
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде құптан уағызын жүргізді.
Діни басқарма өкілі өз насихатында бірлік пен бауырмалдықтың маңызын түсіндіріп, көркем мінезді мұсылманның Алла алдындағы дәрежесі жайлы сөз қозғады, айналаға мейірімді болуға үндеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі