ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/23/2021 328

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ДӘРІПТЕЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты Наурыз мерекесін атап өтті.
Алла үйіне жиылған жамағат намаздан соң облыстық «Ақмешіт-Сырдария» және қалалық «Нұр», «Сұлтан» мешіттерінің ауласында қой көтеру, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындарда күш сынасып, Наурыз көжеден дәм татты.
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіндегі мерекелік шараға қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жамағатпен бірге көшет отырғызып, аймақтың бас мешітін көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі