ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде “Өнегелі отбасы – қоғам байлығы”, “Әке отбасы тірегі” тақырыбында кездесу өткізілді.
Халықаралық отбасы күні қарсаңында өткен кездесуде мешіт имамдары қатысушыларға насихат айтып, сұрақтарына тұщымды жауап берді.
Әке – үйдің басшысы әрі тірегі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ағайынның, ауылдың қамқоршысы. Баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Сондықтан да әкенің ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жарқын болашаққа бастайды.



