ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/23/2023 14

ОҢАЛТУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША МАМАНДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және Қызылорда облысының Дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өңірдегі оңалту бағытында жұмыс істеуші мамандарға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің кітапханасында өткен шараға діни оңалту жұмыстарына бекітілген имамдар мен басқарманың және оған қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдамалық-тапсырмасына сәйкесұйымдастырылған оқыту семинарында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК академиясының доценті, сарапшы-психолог Шакимова Лола қатысушыларға “Діни оңалту объектілеріне психологиялық-практикалық әсер ету әдістері” тақырыбында дәріс өтіп, жат діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу барысында қолдануға болатын заманауи тиімді тәсілдер туралы түсіндірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі