ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/30/2025 42

ОҢАЛТУ БАҒЫТЫНА ҚАТЫСТЫ МАМАНДАР БАС ҚОСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен діни оңалту бағытында жұмыс істеуші мамандармен кездесу өтті.
Аталған шараға аймақтағы қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары мен басқа да дін қызметкерлері, Қызылорда облысының дін істері басқармасының қызметкерлері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің теолог мамандары қатысты.
Жиын барысында “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамы, өңірдегі оңалту бағытына жауапты маман Т.Демесбай, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары С.Әбдіқадыров, бөлім басшылары Н.Бердібек, Г.Романқұлова дін саласы бойынша 2025 жылға қойған міндеттер мен мақсаттарды атап өтіп, ақпараттық-түсіндіру және оңалту бағытында жүргізілетін жұмыстардың барысын талқылады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі