ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/31/2024 9

ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ҚҰРАН БАЙҚАУЛАРЫ ӨТТІ

Құран түскен құтты айдың құрметіне Сыр мешіттерінде түрлі деңгейдегі қасиетті кітапты жатқа және мәнерлеп оқу сайыстары өткізілуде.
Нақтырақ айтар болсақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінде Құран Кәрімнің 1 және 3 парасын жатқа оқудан облыстық сайыс өтсе, тағы да қалалық “Мүсірәлі ата”, сонымен қатар, Байқоңыр қалалық “Жәрімбет”, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз”, Жалағаш ауданы “Ар-Рахим” мешіттерінде де шәкірттер өзара додаға түсті.
Жарыс нәтижесіне қарай жеңімпаз атанған жүйріктер ұмраға жолдама және қаржылай сыйлықтармен марапатталса, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі