ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/09/2019 399

ОБЛЫС ӘКІМІ ИМАМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

«Руханият және дәстүр» айлығы аясында Қызылорда облысы әкімінің аймақтағы діни бірлестіктер жетекшілерімен кездесуі өтті.

Кездесуге облыс әкімі Қ.Ысқақов, облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Бисенов, облыс әкімі аппаратының басшысы Ғ.Әмреев, қала әкімі Н.Нәлібаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Абуова, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Б.Ұласқанұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, имамдар мен теологтар, өзге діни бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Бас имам Болатбек Ұласқанұлы «Ұлтаралық келісімнің ислам дініндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасаған соң, түрлі бағыттар бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» және «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттарымен таныстырды.

Кездесу соңында облыс басшысы бірқатар азаматтарды өңірдегі дінаралық татулық пен рухани келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін марапаттап, алғыс хатын табыстады.

Марапатталғандардың ішінде Қызылорда облысының Бас имамы Б.Абуов бастаған Б.Улжаев, Д.Құрманбаев, Ә.Ақбаев, Р.Ешмахан, А.Іззәт, Б.Қаниев сынды имамдар да бар.

Бұған дейін де бірқатар мешіт қызметкерлері облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі