
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Құптан намазының алдында өткізілген кезекті дәріс «Салынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті сату», «Алтын және күміс саудасы» тақырыптарына арналды.
Пәтуаға жауапты наиб имам Айболат Төлебайұлы әр аптаның сенбісінде жамағатты ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалармен таныстырып, көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап беруде.
Айта кетейік, аталмыш шара қала және аудан мешіттерінде де өткізілуде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
