Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Жаңақорған кентінде аймақ мешіттерінің шәкірттері арасында “Әлемнің рахым нұры” атты сира сайысы өтті.
Адамзаттың асылы – Мұхаммед Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір тарихына арналған облыстық интеллектуалды білім бәйгесінде Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Алматы қалалық “Нұр-Мүбарак” мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы жарысқа қазылық етті.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, 20 үміткердің арасынан жеңімпаз атанған:
І орын — Мустафин Тимур, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті (кіші қажылыққа жолдама)
ІІ орын — Сәндібекұлы Ғаламат, Жалағаш ауданы (200 000 тг)
ІІІ орын — Кенжекараев Алмат, Шиелі ауданы (100 000 тг) жүлдені қанжығаларына байласа, Мырзағұлов Санжар (60 000 тг) мен Сағынаев Бауыржан (40 000 тг) есімді екі қатысушы белсенділігі үшін арнайы сыйлыққа ие болды, қалған қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі