ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/09/2022 29

ОБЛЫСТЫҚ УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ШИЕЛІЛІК ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде дін өкілдерінің студент жастармен жүздесуі өтті.
Кездесуге ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің облыстағы жетекшісі әрі “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамы Отызбаев Қайырбек, Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Ұлжаев Бақыт  және Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Марданаев Дінмұхамед қатысты.
Қайырбек Тоқтықбайұлы жастарға  “Білім мен тәрбие егіз ұғым” тақырыбында білім алудың маңызы мен білімді адамның дәрежесі жайлы, бос уақыттарын тиімді өткізіп,  елге қызмет етіп, қоғамға пайдалы болу қажеттігін насихаттаса, ауданның бас имамы  Бақыт Бахрамұлы жаман әдеттерден аулақ болуға, ата-ана мен ұстаздарды құрметтеуге шақырды.

Студенттермен өткізген ғибратты басқосудан соң, Қайырбек Отызбаев “Сауда-көлік компаниясы ЖШС мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, теріс ағымнык зияны және алдын-алудың жолдары” тақырыбында сөз қозғады.

Сонымен қатар, сапар барысында аудандық мешітте жергілікті жамағатқа  “Зиянды әдеттерден аулақ бол!” тақырыбында уағыз айтты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі