ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/15/2021 128

ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК КЕЛІН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» және «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Үздік келін» облыстық келіндер бәйгесі өтті.

Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған байқауға 100-ден астам үміткер өтініш білдіріп, ақтық сынға 11 қатысушы іріктеліп алынды.

18-35 жас аралығындағы қатысушы келіндер «Таныстыру», «Өз өнері», «Ене мен келін сыйластығы» тақырыбында танымдық бейнеролик, «Салт-дәстүр» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаз келіндер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі