ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/10/2024 10

ОРАЗА АЙТТА “ТЕГІН ТАКСИ” ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТІЛДІ

Мұсылмандардың ұлық мейрамы – Ораза айт  құрметіне қызылордалықтарға тегін такси қызметі ұсынылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық “Мүсірәлі ата” мешіті, Жастар ісі секторының бастамасымен қолға алынған ізгі шараға мешіт имамдарымен бірге жамағаты да атсалысып, сауапты іс жасады.
 «Тегін такси» жүргізушілері сауда орталығынан азық-түлік арқап шыққан қала тұрғындарын діттеген жеріне жеткізіп, жол бойы Ораза айттың қадір-қасиеті туралы насихат айтты. Тұрғындар өз кезегінде мешіт имамдары мен жамағатына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, “Тегін такси” қызметі сауда орталықтары, ауруханалар, базар секілді халық көп шоғырланған жерлерде қызмет етті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі