ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2022 52

“ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН” ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты кезекті «Кемел кездесу» дастарханында бас қосты.

Ай сайынғы өтетін дәстүрлі жиынның мамыр айындағы кездесуінде қалалық “Хазреті Абу Бәкір”, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата”, Жаңақорған кентінде орналасқан “Әл-Мүмин” мешіттерінің имамдары «Отаным – Қазақстан» тақырыбында насихат айтты.

Шарада дін қызметкерлері Отанды сүю иманнан екенін түсіндіріп, патриоттық сезім ұялатуға септігін тигізетін уағыз жүргізді.

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі