ҚМДБ-ның жастар ісі секторының 2025 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес уақытша жұмыспен қамтылушы жастар арасында Отбасылық құндылықтарды нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жастармен кездесу өткізді.
“Отбасында бала зорлық, әйел қорлық көрмесін” тақырыбында өткен іс-шараға ҚМДБ-ның жастар ісі секторының өкілі Қали Айбол және қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы Р. Бахытжан және жастар қатысты.
Кездесу барысында мамандар отбасы институтының маңыздылығы, ата-ананың жауапкершілігі, бала тәрбиесі және әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың діни және құқықтық тұрғыдан теріс құбылыс екені түсіндіріліп, оны болдырмаудың жолдары талқыланды.
Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.


