РАНТ мүшесі, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Әбдіжаппарұлы Қызылорда қаласына іссапар барысында Қызылорда қалалық «Мырқы қажы» мешінде жамағатпен кездесіп, «Мұхаммед пайғамбардың оған (Алланың салауатымен сәлемі болсын) өмірбаянын» уағыз айтты.
Кездесу аясында бұдан бөлек теріс ағымның құрығынан сақ болуларын айта келе, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және дәстүрлі дінімізді терең меңгеруге шақырды.
Елімізде ғаламтор желісіндегі рұқсат етілген Діни басқарманың сайттарынан мәлімет алуға үндеді.
Құптан намазынан соң Құран Хатым дұғасын жасап, жер бетіне бейбіт өмір, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі. Құран Хатым сауабын елдігіміздің жолында ерен еңбек еткен асыл тұлғалардың рухына бағыштап, еліміздің амандығы мен халқымыздың тыныштығын тіледі.
Айта кетейік, һижри жыл санауы бойынша жаңа 1447 жыл қарсаңында облыс мешіттерінде Пайғамбарымыздың өмірбаянынан насихат айтылды.







