ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/06/2025 31

PhD ДОКТОР ҚАЙРАТ ҚҰРМАНБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген PhD доктор, доцент, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі Қайрат Құрманбаев жергілікті имамдармен кездесті.
Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде өткен басқосуда Қайрат Құрманбаев «Дінтану және зайырлылық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, дін мен мемлекеттің өзара байланысы, зайырлы қоғамдағы имамдардың орны мен рөлі, жастарды діни ағымдардан сақтау жолдары туралы жан-жақты ой бөлісті. Сондай-ақ, ол қазіргі діни ахуал, экстремизм мен радикализмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасу арқылы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесудің басты мақсаты — имамдардың біліктілігін арттыру, олардың діни-рухани бағыттағы жұмыстарын жүйелеу және діни тұрақтылықты нығайтуға атсалысу.
Шараға Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала мешіттерінің дін мамандары қатысты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі