ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/11/2022 610

QURBAN2022: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 57 ТОННА 821 КЕЛІ ҚҰРБАН ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ

Айт күндері атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 1555 қой, 109 ешкі, 139 ірі қара, 2 түйе құрбандыққа шалынып, 7262 отбасы мен қарттар үйі, аурухана, балалар үйі және т.б. 18 мекемеге 57 тонна 821 келі құрбан еті үлестірілді.
“QURBAN 2022” жобасы аясында қашықтықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуына Қызылорда облысының бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бастаған қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, 300-ден астам ерікті жамағат үлес қосып, 200-ге жуық автокөлік жұмылдырылды. Жалпы аймақта қасапханалар мен мешіт аулаларын қоса алғанда 83 жерде құрбан шалынды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі