ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/09/2022 389

QURBAN2022: ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН ЕСЕБІ

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінен-ақ Сыр имамдары мен еріктілері құрбан шалуға ниетті жандарға діни рәсімді шариғат талабына сай атқаруда көмек беруде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жанынан құрылған штаб қызметкерлері құрбан еттерін мұқтаж жандарға дер кезінде жеткізуді басты назарға алды.
Сандық көрсеткіштермен сөйлер болсақ, облыс көлемінде 2 түйе, 99 ірі қара, 54 ешкі, 810 қой құрбандыққа шалынып, 4048 отбасы мен 13 мекемеге құрбан еті жеткізілді.
Құрбандыққа шалынған малдың ішек-қарындары да тазаланып, бас мүшелері үйітіліп құрбан етімен бірге таратылса, терілері мен басқа да қалдықтары санитарлық талаптары сақтала отырып арнайы орындарға көмілуде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі