ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/29/2024 8

Рамазан-2024: ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен жас отбасыларға ауызашар берілді.
Қалалық орталық “Нұр” және Жалағаш аудандық “Иманқұл” мешіттерінің асханасында өткен кезекті ауызашар кеші жергілікті жас отбасыларға арналды.
Рамазан айының құрметіне жайылған ақ дастарқан басында дін қызметкерлері жас отау иелеріне отбасы құндылығы, жанұя жарасымы, бала тәрбиесі жайлы насихат айтты.
Сондай-ақ Қармақшы аудандық Отбасын қолдау орталығында да дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жақында ғана неке қиған жастардың қатысуымен өткен кездесуде ауданның бас имамы Рахат Серікбайұлы отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын түсіндіріп, бақытты отбасы қағидатына тоқталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі