ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/30/2024 9

Рамазан-2024: ТЕГІН ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ҰСЫНЫЛУДА

Қасиетті айда Қызылорда облыстық Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен түрлі игі жобалар мен қайырымдылық шаралары жиі өткізілуде. Сондай жобалардың бірі – “Тегін такси” қызметі.
Яғни сыр имамдары белсенді жамағатпен бірігіп тарауих намазынан қайтқан тұрғындарды үйіне дейін тегін тасымалдауда.
Сонымен қатар еріктілер тек түнде емес, күндізгі уақытта да жергілікті халыққа “тегін такси” қызметін ұсынып, ықыласына бөленуде.
Осылайша сырбойылық дін қызметкерлері мен бірлігі жарасқан жамағаты сауап жинаудан жарысып, тұрғындарға Рамазан айының шарапатын сезіндіруде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі