ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/30/2024 9

“РАМАЗАНДА БІР ТАЛ ЕК” АКЦИЯСЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хаз3реттің бастамасымен өңірлерде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында «Рамазанда бір тал ек» акциясы басталған болатын.
Осыған орай ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен белсенді жамағат мешіт ауласына тал екті.
“Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деген халқымыз, ағаш егудің мол сауапты іс екендігін ұрпағына дәріптеген. Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қандай да бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады»,-деген. Ендеше, осындай келешек ұрпаққа үлгі боларлық істі насихаттау әрбіріміздің міндетіміз.
 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі