ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/30/2023 19

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Қызылорда қалалық орталық “Нұр” мешітінде Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан мешіт жастары арасында облыстық байқау өтті.
Республика күнінің құрметіне орай Жастар ісі секторы ұйымдастырған сайысқа арнайы қатысқан Болатбек Ұласқанұлы ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, қала және аудан мешіттерінен келген 26 үміткерге сәттілік тіледі.
Бәйгеде оза шауып, үздік деп танылғандар:
І-орын: Серікқали Азиз (200 000тг)
ІІ-орын: Жалғас Маралбек (150 000тг)
ІІІ-орын: Қобылан Нұрислам (100 000тг)
жеңімпаз атанып, жарыс жүлдесін қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, өзге қатысушыларға да 5000 тг көлемінде ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі