ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/30/2024 10

ҚҰРАН ТҮСКЕН ҚҰТТЫ АЙ

Қазалы аудандық Жастар ісі секторының және Қазалы қаласы әкімінің аппараты «Қалалық Мәдениет Үйі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен “Нұралы” мешітінде «Құран түскен құтты ай» атты аудандық құранды мәнерлеп оқудан сайыс болып өтті.
Алғы сөзді аудан имамы Нұрдәулет Асқарұлы алып, Құран оқудың артықшылығы туралы уағыз айтып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Сайысқа кент және ауылдық мешіттерден, яғни 7 мешіттен 20 ға жуық шәкірт қатысты. Сайысқа “Әли-Муса” мешітінің имамы Халықұлы Нұрхан және Қазалы Қарилар медресесінің ұстазы Омарұлы Исмаил қари қазылық жасады.
Жарыс жеңімпаздарын ауданның бас имамы Нұрдәулет Асқарұлы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
и ещё 4