ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/24/2024 13

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешітінде Социалистік Еңбек Ері, күрішші, еңбек ардагері Көлжан Оразалықызының 100 жылдығына орай, батыр ана рухына арнап қос аудан шәкірттері арасында Құран Кәрімнің 1 және жарты парасын жатқа оқудан аудандық байқау өтті.
Аудандық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен додаға Қазалы ауданының бас имамы Нұрдәулет Асқарұлы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Жарысқа “Қазалы” қарилар медресесінің ұстазы Омарұлы Исмаил ұстаз және Арал аудандық орталық мешітінің ұстазы Теміров Айболат әділқазылық етті.
Қазалы және Арал ауданы мешіттерінің және “Қазалы” қарилар дайындау орталықтарынан 30 ға жуық шәкірт сайысып, үздік деп танылғандар жеңімпаз атанды.
Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқудан:
І-орын: Сырым Баку(Қазалы) 40 000 тг
ІІ-орын: Бақытжан Нұржігіт(Қазалы) 30 000 тг
ІІІ-орын: Ғалымжанұлы Темірлан(Арал) 20 000 тг
Құран Кәрімнің 1жарты парасын жатқа оқудан:
І-орын: Төлебай Ахмет(Арал) 30 000 тг
ІІ-орын: Бақытжан Данияр(Қазалы) 20 000 тг
ІІІ-орын: Бисенбаев Ибрагим(Мұратбаев ауылы) 10 000 тг
Қалған қатысушыларға қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Аудан имамы Нұрдәулет Асқарұлы жарысты ұйымдастырушы еңбек ардагері Көлжан Оразалықызының ұрпақтарына облыс бас имамы Дастан Қажы Жанасұлының арнайы алғыс хатын табыс етіп, өз ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігігің  баспасөз қызметі