ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/20/2025 21

РАНТ МҮШЕСІ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ

Республикаға танымал дін саласының маманы, теолог, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ұстаз Арман Қуанышбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Арман Баймаханұлы Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде, қалалық орталық «Нұр» мешітінде және Шиелі ауданының орталық мешітінде, «Шәйзінда» мешітінде уағыз айтып, жергілікті жамағатпен кездесті.
Сондай-ақ, қала мешіттерінің имамдарына арналған біліктілікті арттыру семинарында «Уағыз-насихат айтудың тәртіптік ережесі» тақырыбында дәріс оқыды.
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі