
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
ҚМДБ өкілінің Сапары Сыр жастарымен кездесуден басталды. Облыстық жастар орталығында ұйымдастырылған басқосуда Мақсатбек Мақсотұлы жастарға бос уақытты тиімді пайдалану, білім-ғылым үйрену, Отанға адал қызмет ету, қоғамға пайдалы азамат болу, ата-ананы құрметтеу және рухани құндылықтарды дәріптеу тақырыптарында тағылымды насихат айтты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2