ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/03/2019 307

РАНТ мүшесі мешіттерде кездесу өткізді

Исламтанушы-теолог, Шымкент қалалық «Халифа Әл-Нахаян Ақмешіті» мешітінің наиб имамы Туленов Даулет Сыр өңіріне арнайы сапармен келді. 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен сапар барысында РАНТ мүшесі Д.Туленов «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала мешіттерінің имамдарының қатысуымен өткен жиында дін қызметкерлеріне семинар өткізді. Кездесуде имамға артылатын жүк пен күшейтілген талапты ескеріп, жан-жақты дамыған, көркем мінезділігімен кемелдеген тұлғаға айналу керектігін алға тартты.

Сонымен қатар, теріс ағым жетегінде кетудің алдын алу мақсатында Қызылорда қалалық «Ыбрайым молда», «Айтбай», «Сұлтан», «Мүсірәлі», «Нұр» мешіттерінде қала жамағаттарымен кездесіп, зардабы мол діни экстремизм идеологиясының түпкі мақсаты жайлы түсіндірді.