ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/24/2019 261

РАНТ мүшесі Сыр елінде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, қасиетті Рамазан айының құрметіне облыс орталықтарында республикамызға белгілі ғалымдар мен ұстаздарды жергілікті жамағатпен кездестіру шаралары өткізілуде.

Осыған орай, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, әл-Азһар университетінің түлегі Медет Құрсақов Қызылорда қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Атап айтар болсақ, қасиетті жұма күні «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында жұма уағызын айтып, тарихпен ұштасқан тағылымы мол ғибратты мысалдарымен дәстүрлі дініміз – исламның мақсаты мен маңызын түсіндірді. Бұдан кейін, мешіт жамағатымен бірге жұма намазын оқып, дініміздің өркендеуі үшін және ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Сонымен қатар, ақшам намазынан соң, қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінде де жамағатпен кездесу өткізілуі жоспарлануда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

На данном изображении может находиться: 8 человек, толпа, свадьба и в помещении

На данном изображении может находиться: 3 человека, в том числе Болатбек Абуов, в помещении

На данном изображении может находиться: один или несколько человек

На данном изображении может находиться: 2 человека, в том числе Болатбек Абуов, в помещении

На данном изображении может находиться: 15 человек, в том числе Байжігіт Баба Мешіті, толпа и на улице

На данном изображении может находиться: 9 человек, в том числе Muxan Abzhalelov и Болатбек Абуов, люди стоят, свадьба и в помещении

На данном изображении может находиться: один или несколько человек