
РАНТ мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында жергілікті имамдармен кездесу өткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ұйымдастырылған кездесуде ол «Ихсан – рухани тәрбиенің негізі» тақырыбында насихат айтып, мұсылманның көркем мінезі мен рухани кемелдену жолындағы ихсан ұғымының маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, қоғамның дамуына адал еңбектің қосар үлесі туралы сөз қозғап, ел бірлігі мен рухани құндылықтарды дәріптеу жолында белсенді еңбек етуге шақырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
